Оның пайымынша, жақсы сөз - жақсы энергия.
Күнә арқалаушылар өте көп: Ерке Есмахан адамдарды жақсылыққа шақырып жүр
Әлеуметтік желідегі парақшасынан
3,112
оқылды

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде ерекше жазба қалдырып, оқырмандарына ой салды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жақсы сөз өзіңе айналып келеді.

Жақсы сөз жаныңды тыныштандырады

Жақсы сөз балаларыңның жолын ашады.

Жақсы сөз - жақсы энергия.

Жақсы сөз - жарым ырыс.

Бір жағынан, аяқ асты несібе.

Ал, әркімге жаман сөз жазып, өзінің және біреудің күнәсін арқалаушылар ғаламторда онсыз да толып жатыр. Кезінде 5k-ны адамдарды жақсылыққа шақыру үшін ойлап тапқанмын. Сол үшін комментте 3 рет 5k бар", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Айта кетейік, Ерке Есмахан бұрыннан бері әлеуметтік желіде оқырмандары арасында 5 мың теңге ойнатып тұрады.