«AMANAT» партиясы орталық аппаратының партиялық бақылау департаменті директоры Дәурен Бижуманов Павлодар облысында фельдшерлік-акушерлік пункттердің (ФАП) құрылысына бақылау жүргізді.
Фельдшерлік-акушерлік пункттер жаңартылуда
1,028
оқылды

Жұмыс сапарында онымен бір­ге партиялық бақы­­лау комиссиясының төрағасы Олег Кос­тенко, қалалық фи­лиа­лының атқарушы хатшысы Сүлеймен Сыз­дықов, ҚКП мү­шесі, қалалық мәс­лихат депутаты Виктор Пряхин және жер­гілікті партиялықтар мен фрак­ция мү­шелері болды.

Делегация Павлодар және Шар­­­бақты аудандарындағы нысандар­ды аралады. Павлодар ауданының То­лыбай ауылында қолданыстағы ФАП қайта жаңар­тылуда. Бижума­новтың айтуынша, жұмыстар сапалы және мерзіміне сай жүргізілуде. Пар­тия мүшелері тарапынан нысанда электр қуаты өшкен кезде жылыту жүйесінің де өшіп қалмауына  жол бермеу үшін қосымша резервтік электр қуатын орнату бойынша ұсыныстар бе­рілді.

Шарбақты ауданы Арбиген ауы­лындағы жағдай комиссияның алаң­даушылығын тудырды. Мұнда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт­ті салу жұмыстары жүргізіліп жат­қанымен, шаруа кестеде көрсетілген мерзімнен едәуір арт­та қалған. Бұл қарқынмен қыс келгенше жұмыс аяқталмайтын түрі бар.  

«Нысанның аяқталу мерзімі 24 тамыз болғанымен, бүгінде тек қа­бырғалар ғана тұрғызылған. Те­резелер енді орнатылған, алда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыс­тары бар, асығу керек», – дейді Дәурен Би­жуманов.

Мердігерлер кідірістің жер­гі­л­ік­ті билік тарапынан болғанын алға тартып отыр. Себеп, нысанға электр көзі уақытында жеткізіл­меген, со­нымен бірге құбырлар қосылмаған көрінеді. Партиялық бақылау де­партаментінің дирек­торы бұл мә­селенің барлығын об­лыстық пар­тиялық бақылау комиссиясы мен «AMANAT» пар­тия­сының аудандық филиалы қатар бақылауға алғаны туралы айтты.  

ФАП құрылысы «AMANAT» пар­тиясының сайлауалды бағдар­ла­масының Жол картасы аясында жүргізілуде. Қыркүйек айында рес­пуб­ликалық партиялық бақы­лау комитетінің отырысы жоспар­ланған, онда медициналық пункт­тер құры­лысын іске асыру мәсе­лелері қара­латын болады. Оты­рыста Денсаулық сақтау министрі­нің, орталық мемле­кеттік орган­дар мен әкімдіктер өкіл­дерінің есептері тыңдалады.