Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді.
Елордада адам өлтірді деген күдікті өзіне-өзі қол салмақ болған
www.istockphoto.com
456
оқылды

Желіде ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, оған пышақ салып, одан кейін өзін-өзі өлтірмек болды деген ақпарат тарап жатыр.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Аталған факт бойынша Байқоңыр аудандық ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп, бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Ведомство күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы түсінік бермеді. Астана Полиция департаменті тергеу мүддесі үшін қосымша ақпарат жарияланбайтынын ескертті.