Ол медресені жасырын ашқан.
Шетелдік азамат медресе ашып, балаларға діни сабақты заңсыз оқытқан
988
оқылды

Алматы облысы Қарасай ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасырын ашылған діни медресені анықтады. Олар 19 баланы дінді заңсыз оқытқан, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

“Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның азаматы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ Iphone маркалы ұялы телефон және HP маркалы ноутбук тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Медреседе білім алған барлық бала ата-аналарына қайтарылды.