Айтыскер мешіттің ашылу салтанатын Ақсуат өңірінде болып жатқан дүбірлі тоймен бірге жасауға қарсы болған.
Айтыскер Сара Тоқтамысова ауылына мешіт салды
4,705
оқылды

Танымал айтыскер Сара Тоқтамысова өзінің туған өңірі Абай облысы  Аққала ауылына мешіт салып берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.  

Өнер иесінің айтуынша, идеяны ұсынған жолдасы екен. Одан кейін өнердегі аға-әпкелері мен достары да көмегін аямаған. 

“Көңілім босап отыр. Ауылға жеттік. Құрылыстан кейінгі мешітті өзім де бірінші рет көріп отырмын. Бір бұрышында отырып, жылап қалдым. Алла қасиетті үйіңді салғызуға мүмкіндік бергеніңе, шүкір! Мейірімді Алла кішкентай арманымды орындағаныңа шүкір! Ешқашан азан үні естілмеген ауылымнан күмбезін жарқыратып мешіт соғуға себепкер қылғаныңа шүкір. Отағасы Есіліме мың алғыс. Ең бірінші сол кісіден туған ұсыныс. Төбемде Алла көріп тұр. Еліңнің батасын алдың, ата-анаң да осы ауылдан шықты. Біздің ауылдарда қос-қостан мешіт бар. Сенің ауылыңа бір мешіт бастайық, өз ретімен болады” деген жан жарымның сөздері одан сайын шабыт берді”, – деп жазды ақын. 

Айтыскер мешіттің ашылу салтанатын Ақсуат өңірінде болып жатқан дүбірлі тоймен бірге жасауға қарсы болған. 

“Ақсуатта 3 күн қатарынан дүбірлі той өтіпті. “Мешіттің ашылуын тура осы күндерге қояйық, сырттан келетін әнші-ақындар көріп кетеді”деген ақылшылар көп болды. Бас тарттым. Себебі мешітті мақтану үшін, мақтан үшін ашып жатқанымыз жоқ. Атымды шығара алмай жүрген адам емеспін. Ниетім – ауылым қуанса болды. Мешіт салынған жерге Алла береке беріп қояды дейді. Ауылым берекелі ауылға айналса екен деп армандаймын. Балалар намаз үйренсе екен. Үлкендер құбыланы тауып, иманға жақындаса деймін. Дәл жолдың бойында орналасқан. Өткен-кеткен жолаушы маңдайын сәждеге тигізсе деймін”, – деп жан сырын ақтарды айтыскер. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)