Заңгер Думан Көпбаев Мәжіліс депутаты депутаттардың сыйлық алуына тыйым салатын норма жоқ екенін айтты.
«Ақын ретінде алдым»: Ринат Зайытов өзіне берілген сыйлықтың себебін түсіндірді
1,075
оқылды

Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытов өзіне сыйға берген жаңа көлікке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ринат Зайытов өзіне берілген сыйлықтың заңдылығын түсіндірді.

 

"Мемлекеттік мүлік туралы заң" бойынша мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтің аясында қандай да бір сыйлықтар қабылдауға құқығы жоқ. Ал бұл жерде тұтас бір ауданның атынан мемлекеттік қызметкер ретінде емес, фестивальге қатысқан ақынға ұсынылған сыйлық болғандықтан, біздің шығармашылықпен айналысу құқығымыздың аясында деп есептеймін. Оған қоса, бүкіл бір ауданның атынан ұсынылып тұрған нәрсені мен қалай алмаймын деп қашып жүремін?! Бұл менің түсінігіме, дүниетанымыма сыймайды. Жалпы, бұл ақындардың дәстүрінде бар. Желмен келген желмен кетеді", –  деді Ринат Зайытов.

Заңгер не дейді?

Заңгер Думан Көпбаев Мәжіліс депутаты депуттардың сыйлық алуына тыйым салатын норма жоқ екенін айтты. 

"Осы шаралардың бірі мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыларға және қызмет көрсетуге толық тыйым салу болып табылады. Осылайша, қолданыстағы заң мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметтік жағдайына байланысты қандай да бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады", - деді заңгер.

Алайда заңгер Думан Көпбаев Мәжіліс депутаттары мемлекеттік қызметкерлерге жатпайтынын ескертті.

Еске салайық, Ақсуат халқы спорт және өнер фестивалінде ақын Ринат Зайытовқа көлік мінгізді. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Дулат Тастекей өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған болатын.

"Асыл бесік - Ақсуат" спорт және өнер фестивалінде Ақсуат жұрты арда ұлға құрмет көрсетіп, астына көлік мінгізді", - деп жазды кәсіпкер.