Қарсыласы әзірге кім екені нақты белгісіз.
«Қазақ жауынгері» қыркүйек айында Алматыда жұдырықтасады
901
оқылды

Қытайда туып-өсіп, "Қазақ жауынгері" лақап атымен кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Елшат Нығметолла (19-0-1, 6КО) қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізбек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 21 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

Қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кеткен жөн, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қорғап жүр.

Елшат Нығметолла – қазақстандық танымал боксшы Қанат Исламның жерлесі.

30 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған.