Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған.
Алматыда субұрқақта ток ұрған бозбаланың өлімі: сараптама қорытындысы шықты
Фото: видеодан кадр/КТК
2,219
оқылды

Алматыда субұрқақта көз жұмған бозбаланың өліміне қатысты сараптама шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматыда субұрқақта тоқ ұрып, қаза болды деген жасөспірім өліміне қатысты сарапшылар тоқ етерін айтты. Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығының мамандары бозбала суға тұншығып өлді деген тоқтамға келген. 

Сарапшының айтуынша, 17 жастағы жігіт суға түскен кезде тыныс алу жолдары жабылып қалған. Содан туындаған механикалық асфексиядан көз жұмды дейді мамандар. Мұны зертханадағы тексеріс растап отыр. Сондай-ақ сарапшы жас жігітті электр тогының соққан-соқпағанын анықтау мүмкін еместігін түсіндірді. 

«Өлім суға батқанда тыныс алу жолдарын су жауып қалып, соның салдарынан туындаған механикалық асфиксиядан болған», – деді Оңтүстік-Шығыс өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов. 

Еске салсақ, қайғылы оқиға 19 маусым күні болған. 17 жастағы мектеп түлегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҰБТ тапсыруға келген. Селфи жасамақ болған жігіт субұрқаққа құлап, оқиға орнында мерт болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.