Адвокат сотталушыға өте қатаң жаза тағайындалды деп санайды.
Мемлекет қаржысын жымқырған 21 есепшіге сот үкімі шықты
www.istockphoto.com
1,855
оқылды

Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрған білім бөлімінің бас есепшісі мен оның сыбайластарына сот үкімі жарияланды. Олар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

21 сотталушының үш жыл бойы іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарға және мектеп қызметкерлеріне айлықтан бөлек ақша аударып келгені дәлелденді. Осылайша олар 4,5 млрд теңгеден аса бюджет қаржысын ұрлаған. Аталған заң бұзушылықтарға көз жұмып келген ревизиялық комиссияның басшысы мен оның мүшелерін прокуратура тексеріп жатыр.

Судья қылмысты ұйымдастырған үш айыпталушыны 12 жылдан 15 жылға дейін, ал басқа сотталушыларды 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Тағы екі есепші келтірілген шығынды толығымен өтегендіктен 7 жылға шартты түрде сотталып, енді біріне қатысты іс оның қайтыс болуына байланысты тоқтатылды.

Адвокат сотталушыға өте қатаң жаза тағайындалды деп санайды.

“Прокурор сотталушыға не себепті бас бостандығынан айыру жазасын сұрағанын негіздемеді. Неге ондай адамдар қоғамнан оқшаулау керек? Ол бұған дейін сотталмаған. Денсаулығын, жасын ескеруге болатын еді”, – дейді заң өкілі Динара Әбдікәрімова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.