Зорлық-зомбылық белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда қалалық аурухананың жанынан әйелдің мәйіті табылды
www.istockphoto.com
487
оқылды

Әлеуметтік желіде Алматының №1 қалалық емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. 

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған фактіні растады, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты kaz.inform.kz сілтеме жасап.

– Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.