Жеке тінту барысында ер адамдардан жалпы салмағы 6 грамм болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Есірткі тасымалдаған екі ер адам ұсталды
775
оқылды

Көлік полицейлері "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Атырау қаласының теміржол аумағында 27 және 35 жастағы Қостанай облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жеке тінту барысында ер адамдардан жалпы салмағы 6 грамм болатын "Альфа-PVP" синтетикалық есірткі заттары табылып, тәркіленді.

 

Ұсталғандар синтетикалық есірткіні жеке өздері пайдалану үшін Telegram мессенджері арқылы сатып алғандарын айтты. Олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу барысында ақ түсті ұнтақ заты бар 6 дана пакет, тамшуырлар және затты пайдалану аппараттары табылды.

Аталған факті бойынша Атырау станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

Атырау қаласының № 2 сотының үкімімен қаскүнемдер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.