ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне қатысты тексеріс жүріп жатыр.
Пойызға жолаушыларды билетсіз мінгізген қызметкерлер жұмыстан шығады
4,655
оқылды

ҚТЖ-да билетсіз жолаушыларды тасымалдау және жол жүру құжаттарын заңсыз сату фактілеріне қатысты тексеріс жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алматы-2 теміржол вокзалында билеттерді заңсыз қайта сату, осылайша қолдан билет тапшылығын туындату дерегі анықталды. Сондай-ақ, Шымкент станциясындағы тексеріс кезінде билетсіз жолаушыны тасымалдау фактісі анықталды. Ал «Шымкент-Астана» пойызының жолсеріктері билетсіз адамды белгілі бір сомаға алып жүруге келіскен.

Нәтижесінде пойыз бастығы мен жолсерік жұмыстан шығарылды, ал екінші жолсерік пен Шымкент станциясы учаскесі бастығының орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.