Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ұсынылған өзгерістермен келіспейтінін білдіріп, балаларды ресми некеде тұрмаған ер адамдардың қамқорлығына беруге тыйым салу керектігін айтып отыр.
Динара Зәкиева некеге тұрмаған ер адамдардың бала асырап алуына қарсы шықты
Фото: instagram.com/zakiyevadinara
840
оқылды

Кеше еліміздің Конституциялық соты ерлер мен әйелдер бала асырап алғысы келетіндердің тізімінде тең дәрежеде екенін жеткізді. Осы орайда сала мамандары бұл шешімнің қаншалықты орынды-орынсыз екеніне тоқталды. Бұл туралы Кazinform жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева ұсынылған өзгерістермен келіспейтінін білдіріп, балаларды ресми некеде тұрмаған ер адамдардың қамқорлығына беруге тыйым салу керектігін айтып отыр. 

«Мен және бала құқығын қорғау комитеті осы мәселені талқылау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес некеде тұрмаған ер адамдарға бала асырап алуға салынған тыйымды күшінде қалдыру қажет деген ұстанымнан айныған жоқпыз», — дейді Динара Зәкиева. 

Уәкіл Конституциялық соттың шешімі аясында заңнамаға өзгеріс енгізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық тетігін қарастыру қажеттігін атап өтті.

«Бала асырап алуға ниеттілерге қойылатын шарттарды қатаңдату, сондай-ақ олардың асыраушы ата-ана мектебінде оқып, білімін жетілдіруін талап ету керек сияқты. Сонымен қатар, баланы бауырына басқан ата-ананы Балаларды қолдау орталықтары арқылы сүйемелдеу көзін қарастырған жөн», — деп толықтырды балалар омбудсмені. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.