22 жастағы қыздың айтуынша, ол 11 жасынан бастап зорлық көрген.
Екі  қызын 10 жыл бойы зорлаған әкеге қатысты сот үкімі шықты
www.istockphoto.com
1,382
оқылды

Алматы облысында 10 жыл бойы қыздарын зорлаған әкеге қатысты сот процесі аяқталып, үкім шықты. Бұл туралы Аikyn.kz  сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы 2010-2023 жылдар аралығында өзінің жас және кәмелетке толмаған қыздарына қатысты зорлық-зомбылық жасаған. Олардың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлау арқылы жыныстық сипаттағы басқа да әрекеттерді қайталап жасаған және оларды өлтіремін деп қорқытқан.

Дәлірек айтсақ, 2023 жылдың 28 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы Бөлек ауылында тұратын апалы-сіңлілер өз әкелерінен 10 жыл бойы қорлық көргенін айтты. Қазір кенжесі – 20 жаста, үлкені – 22 жаста.

22 жастағы қыздың айтуынша, ол 11 жасынан бастап зорлық көрген.

"Әкем "Егер біреуге айтсаң, сенің де, сіңліңнің де, бауырларыңның да тамағын кесемін. Ал егер мойынсұнсаң, мен сені ұрмаймын” деп қорқытты. Қатты қорыққандықтан, үндемей оның қалағанын істедім", – дейді жәбірленуші. Артынша жағдай ушығып, әкесі 13 жасында кіші сіңлісін қорлай бастаған.

Прокурор сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот шешімімен 57 жастағы ер адам кінәлі деп танылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды.