Өнер иесі бала күнінде ақын болатынын білгенін жасырмады.
Төреғали Төреәлі мектептегі мұғаліміне тон кигізгенін айтты
2,226
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі туған ауылына барып, білім алған мектебін көрсетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады. 

Өнер иесі бала күнінен ақын болуды армандаған.

“Осыдан бірнеше жыл бұрын ұлттық арна келіп осы мектепті түсірген еді. Бірінші сыныпқа барғаным, дәл осы аулада алғашқы қоңырау салтанаты өткені есімде. Балшекер апайым бастауышта сабақ берді. Ағылшын тілінен Гүлбану апайым сынып жетекшіміз болды. Айна Жалелқызы мектеп директорымыз еді. Қазір бәрі ауысып кеткен шығар. Әркімнің туған жері Мысырмен тең! Оқушы Төрештің қандай болғанын мектебімдегілерден басқасы біле бермесі анық. Өнерлі Төреш, ақылды Төреш, әрине тентек Төреш”, – деп жазды әнші. 

Сондай-ақ әнші бала күнінде апайына уәде беріп, соның орындалғанын айтты. 

“Кішкентай Төреш оқушы кезінде көп армандайтын. Өскенде ақын болам, олимпиада чемпионы боламын дейтін. Төрешке сол кезде көпшіліктің сене қоймағаны анық. Тіпті, бастауыш сыныпта оқып жүргенде "Балшекер апайыма, мен сізге өскенде шуба кигіземін" деп айтқаным есімде. Сыныптастарым күлді. Иә, ол кезде шуба атаулысы анашымда жоқ, сондағысы бала арман-ниетім екен. Сол айтқаным орындалып, концертіме келген апайыма шуба кигіздім", – деп айтты эстрада жұлдызы.