Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды.
Бақытбек Тәжімбет бас имам қызметінен босатылды - ҚМДБ
www.istockphoto.com
713
оқылды

Қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбетке қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады. 

ҚМДБ таратқан ақпаратта діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ екені айтылады.

ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бақытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін, Қостанай облысының бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғанын хабарлаған едік.