Трансплантацияны Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының дәрігерлері Дархан Сүйгенбаев, оператордың көмекшісі Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов жүргізеді.
Шымкентте жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің жүрегін басқа адамға салып жатыр
1,277
оқылды

Қазір осы минуттарда Шымкентте жүректі ауыстыру операциясы жасалып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апатынан қайтыс болған шымкенттік 18 жастағы жас жігіттің жүрегі реципиентке салынады.

Бейнежазбадан дәрігерлер жүректі трансплантациялау үшін арнайы қорапқа салып, алып келе жатқанын көруге болады.

Белгілі болғандай, операцияны Шымкент қалалық жүрек орталығының дәрігері Дархан Сүйгенбаев, оператор көмекшісі Жасарал Балымов және анестезиолог Бекжан Перменов жасауда.