Бүгінгі доллар бағамы - 474,72 теңге.
Қор нарығында доллар сәл қымбаттады
1,243
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,66 теңгеге көтеріліп, 474,72 теңгені құрады,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Айта кеткен жөн, Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы долларға 474,09 теңгені құрайды.

kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 473,90 теңгені, ал сату 475,52 теңгені құрап отыр.

Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,01 теңгеден сатып алынып, 477,00 теңгеден сатылуда.