Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Енді мектеп бітірген түлектер де "Болашақ" бағдарламасы арқылы шетелде оқи алады
3,936
оқылды

Енді мектеп бітірген түлектер "Болашақ" бағдарламасы арқылы университетті шетелде оқи алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Ол үшін 11 жыл бойы үздік оқып, халықаралық білім олимпиадаларының жеңімпазы болуы керек. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек осылай деді. Бұған дейін бакалавр деңгейін бітіргендер ғана мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігін пайдалана алатын. Бағдарлама талаптары өзгергенімен, бюджеті өзгермейді. Тек  ғылыми тағылымдамаға бөлінетін гранттардың саны азайтылып, оның орнына бакалаврға оқушылар жіберілмек.

Сондай-ақ министр жоғары білім алу үшін пайызсыз несие беру мәселесі де қарастырылып жатқанын айтты. Әзірге екінші деңгейлі банктермен келісім жүріп жатыр. Бұл бастама жыл соңына дейін шешіледі деп отыр.