Дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонған екен.
Алакөлге дельтаплан құлап, екі адам зардап шекті
www.istockphoto.com
896
оқылды

Жетісу облысында Алакөл төбесінен ұшып бара жатқан дельтаплан көлге құлап, екі адам ауруханаға жеткізілді, – Аikyn.kz хабарлайды.

Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен суға құлаған 2 адамды құтқарды.

Екеуі бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір 40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған. Ал 1980 жылы туған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған. Бүгінде қос азамат Алакөл аудандық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында.

Сондай-ақ министрлік осы авиациялық апат бойынша тергеу жүргізілетінін хабарлады. Оқиға 25 шілде кешкі сағат 17:15 кезінде Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылында болған. Дельтаплан көлге апаттық жағдайда қонған екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.