Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астанада сұлулық салонының қызметкері клиентін 1 миллион 600 мың теңгеге алдап кеткен
1,081
оқылды

Астанада шугаринг жасайтын әйел тұрақты клиентін 1 млн 600 мың теңгеге алдап кеткен. Бұл жайында елордалық әйел алаяққа алданғанын айтып, полицияға арызданды. 

Оның айтуынша, шугаринг жасайтын әйел клиентінің қызын ақылы түрде, жақсы жағдайда босандыратын таныс дәрігері барын айтқан. Жәбірленуші оған сеніп, еш ойланбастан 1 миллион 600 мың теңгені алаяқтың қолына ұстатқан. 

“Алаяқ жәбірленушіні қызының операциясына арналған ақшаны беруге көндіріп, қаражатты дәрігерге апарып беруге уәде берген. Алайда алаяқ ақшаны алған соң ізін суытып, хабарсыз кеткен”, – деп мәлімдеді полиция.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 29 жастағы әйел алаяқтық жасап, тапқан ақшаны өз қажетіне жұмсағанын мойындады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.