Полиция департаменті бұл оқиғаға полицейдің қатысы барын растады.
Ақтөбе облысында полицей екі адамды көлікпен қағып өлтірді
www.istockphoto.com
532
оқылды

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлікке отырып, рульге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып кеткені туралы жазба жарияланды. Екеуі де қаза тапты. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.

"ЖКО дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылды", – деп хабарлады полиция.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.