Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.
"Баспана бағасы өспесе, түспейді" – Бақытжан Жүнісбеков
1,072
оқылды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков үй бағасының қалай құбылатынын сөз етті.

"Бағаның күрт төмендеуі байқалмайды. Өйткені кез келген жағдайда инфляциялық процесс тұрғын үй құнына әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының өсу үрдісі байқалады. Құрылыстың орташа нақты шығындары да шамамен 2-3 пайызға өсті, бірақ мәмілелер саны азайды. Бағаның төмендеуін мәмілелер санының азаюымен байланыстырамыз. Жалпы алғанда, бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді", – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.