Әншінің айтуынша, тегін тамақ тарату – бала күнгі арманы.
Төреғали Төреәлі көшеде тегін тамақ таратты
2,306
оқылды

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің атымен өндірілетін шұжықты халыққа тегін таратты. Бұл туралы өзінің instagram парақшасында жариялады. 

“Мектебімнің асханасы тегін тамақ тарататын кезде мен де тағатсыздана күтетінмін. Сонда мен де өскенде айналама ас беруді армандайтынмын. Шіркін, уақыт өте бала күнімнен келе жатқан армандарымның орындалып жатқанын да білмей қалыппын. Төреш шұжығын қолдан келгенше елге таратып жатқаным да сол күндердің дәнегі болар", – деп жазды ол. 

Өнер иесі бала күнгі армандарының дені орындалғанын айтып, халықты дұрыс армандауға шақырды. 

“Армандауға болады екен, ағайын. Мектебім осы армандарыммен маған қатты ыстық. Оқушы Төрештің, мектеп сахнасында тұрғанда маған бүкіл Қазақстан қарап тұр деп өнер көрсеткенін де өзінен басқа ешкім біле бермейді", – деді  әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.