Жақында еліміздегі ұлттық ком­паниялардың басшы­лар­ына берілетін сыйақы сомасы белгілі болды.
Табыс пен тұрмыс тең болса....
1,257
оқылды

Жылдық есепке сәйкес, 2023 жылы Қазато­мөн­­ер­кәсіптің басқарма және директорлар кең­есінің мүше­лері ең көп табыс тап­қан. Орта­ша есеппен топ-ме­нед­жерлер­дің әрқайсысы 189 мың АҚШ доллары кө­л­емінде сыйақы алған. Оның ішінде ең төменгі сыйақы мөлшері кен орнына қатысты мекеме бас­шылары­ның үлесіне тиесілі бо­лып отыр. Ал елімізде табысы аз аза­маттардың шығыны көп.

Тәуелсіз сарапшы Андрей Чеботарев ке Андрей Чеботарев з келген мекемеде KPI мен лауазымына қарай сыйақы мөлшері әртүрлі болатынымен келіседі. Оның пікірінше, ұлттық компания­лардың басшыларын шектен тыс көп ақша алады деп айтудың қажеті жоқ. Өйткені біз мемлекет бақылауында болса да, эконо­ми­каның жеке секторы туралы ай­т­­ып отыр­ғаны­мызды ұмытпауы­мыз керек. Әйтпесе, бұл лауазымдарға кәсіби ме­неджерлерді тартудың басқа амалы болмас еді. Чеботаревтің пікірінше, мә­селе бас­қарма немесе директорлар кеңесі мүше­лерінің көп қаражат алуында емес, керісінше, билік өкілдерінің ірі корпорацияларды жеке секторға толықтай өткізе алмауында.

«Бұлар жеке компания ретінде құ­рылған. Олардың барлығы мемлекет иелік ететін акционерлік қоғамдар. Бір сөзбен айтқанда, Үкімет бірінші қадамды жас­ағанымен, екінші қадам жасауға келгенде қаңтарылып қалды. Мұндай қарама-қай­шылықтар туындауының сыры да осында, – дейді сарапшы. – Егер олар толы­ғы­мен жекешелендірілсе, басқарма мү­­шелер­і­не кім және неге сонша ақша төлейді деген сұрақтар туындамас еді. Себебі бұл –  акционердің проблемасы».

Жақын арада жоғары мінберден айт­ылған сындарға қарамастан, былтыр «Қа­зақ­стан темір жолы» ұлттық теміржол та­с­ы­малдаушысының басшылары да жо­ғары деңгейде табыс тапқан. ҚТЖ-ның 6 миллиард доллардан астам қарызы бар екеніне және жолаушылар тарапынан ша­ғым­дар­дың саны тым мол бол­ғанына қара­мас­тан, бұл компанияның басқарма мүшелері мен директорлар кеңесінің әрқайсысы орта есеппен 102 мың доллар алды. 

Орташа жалақы қандай?

Қаржы министрлігі мен ҰЭМ өкіл­дері жаңа Салық кодексінің тұсау­кесерінде мәлімдегендей, елімізде айына 3 млн-­нан астам жалақыны 26,8 мың адам алады. Қазір олар 157,9 млрд теңге салық төлеуде. Ал былтыр 2 миллионға жуық қазақстан­дық­тың жалақысы 50 мың теңге болған. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамты­ған­­дар да бар. Бұл азаматтар бюджетке тек 7,2 млрд теңге салық төлеген. Сарапшылар осы мәліметтер арқылы көлең­келі экономика­ның нақты көлемін елестету қиын емес деген пікірде. Себебі бұл топта халықтың 40%-ы жұмыс істейді.

Дегенмен соңғы кезде еліміздегі жұмыс берушілер ұсынатын орташа жалақы мөл­шері айтарлықтай өсіп,  269,5 мың теңгеге дейін жетті. HeadHunter жұмыс іздеу онлайн платформасының сарапшылары 2024 жылдың бірінші жартыжылдығы­н­да компаниялар жария­лаған бос жұмыс орындар­ының саны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға өскенін айтады. Демек, жұмыс орындарын­дағы орташа жа­лақы да артқан. Егер былтыр бұл көрсет­кіш 211,2 мың теңгені құраса, биыл 27 пайызға өсіп, 269,5 мың теңге болған. 

Орташа жалақыны орташа номиналды жалақымен шатастырмау керек. Дегенмен оның мөлшері қызметкердің ма­манды­ғына байланысты. Мәселен, жұмыс берушілер ор­та және жоғары буын менеджерлеріне ең жоғары орташа жалақы – 503 мың теңге ұсынады. Одан кейінгі орында консалтинг, стратегия және инвестиция салаларындағы мамандар тұр – 396,9 мың теңге. Ал үшінші орын­да спорт және фитнес клубтары мен сұлулық салондары – 321,4 мың теңге. Қыз­меткерлерге 300 мың теңгеден жоғары медианалық жалақы уәде етілген басқа да салаларды атап өтер бол­сақ: Ақпараттық технологиялар – 313,4 мың теңге; автомобиль бизнесі – 309,8 мың теңге; сату, кли­енттерге қызмет көр­сету – 308,3 мың теңге; заңгерлер – 306,5 мың теңге. 

Қауіпсіздік саласында жұмыс істеуге дайын қазақстандықтарға ең аз жалақы ұсынылады, бұл саладағы жалақының мед­ианалық көрсеткіші небәрі 154,7 мың тең­гені құрады. Салыстырар болсақ, ҚР-да­ғы шетелдік кәсіпорындардағы жалақы нар­ықтағы орташа жалақыдан екі есе дер­лік жо­ғары.

Мысалы, Бірінші несиелік бюро сарап­шыларының хабарлауынша, 2023 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кә­сіп­орындар қызметкерлерінің орташа жа­лақ­ысы басқа нысандарындағы ком­пания­ларға қарағанда 1,7 есе көп болған. Шетелдік компанияларда адамдар орта есеппен 604,1 мың теңге, қазақстан­дық компанияларда – 364,3 мың теңге алған. Ең үлкен алшақтық орта білім беру саласында байқалады. Шетелдіктердің үлесі бар мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы орташа деңгей­ден 3,2 есе ерек­ше­­­­­­­­ленеді. Шамамен 1 миллион теңге.

«Тау-кен өнеркәсібінде шетелдіктер өз қызметкерлеріне орташа деңгейден 14%-ға жоғары төлейді – 771 мың теңгеге қара­ғанда 877,6 мың. IТ салада айырма­шылық 857,1 мың теңгеге қарағанда 58% – 1,35 млн теңгені құрайды. Статистика шағын бизнес көрсеткіштерін ескермейді», – делінген хабарламада.

Қаражат қайда жұмсалады?

Сарапшылардың айтуынша, елде аза­маттардың күнделікті тұрмысына қажетті шығын көлемі күн санап артып келеді. Бір жыл ішіндегі өмір сүру құны да айтарлық­тай жоғарылаған. Соның ішінде бақуатты азаматтардың табысы артса, аз қамтылған азаматтардың жалақысы шы­ғын көлемі­мен теңесе алмай келеді. Мә­селен, ай сай­ынғы табысы 70-тен 200 мың теңгеге дейінгі адамдардың шығыны кірісінен асып кетеді. Jusan Analytics сарапшылары бұл құбылыста импульсивті шығындарға бейім жастардың үлесі басым дейді. Сон­дай-ақ сарапшылар қаражатты шектен тыс жұмсауға қазір белең алып отырған тұ­тыну­шылық несиелер мен басқа кіріс көздері әсер етіп отырғанын айтады. Статистика бюросының деректеріне сүйенсек, қазақстандықтардың барлық табысының шамамен 75%-ы жалақыдан құралады.

«Мысалы, 200 мың табатын Астана тұрғындары демалыс үшін табысы екі есе көп тұрғындарға қарағанда 50 мың те­ң­геге көп жұмсайды. Осындай жағдай Ал­маты­ның жалдамалы қызметкерлерінің арасында байқалады: олар кірісі 200 мың­нан жоғары адамдармен салыстырғанда киім мен аяқкиімге көбірек ақша жұмсай­ды», — дейді мамандар.

Талдау авторлары жазғандай, 201 мың­нан 400 мың теңгеге дейінгі диапазонда жалақы алатын жалдамалы қызметкер­лердің қаражат жинау мүмкін­дігі төмен. Өйт­кені олардың шығыны табысымен тең­есіп тұр.

Ал ай сайынғы кірісі 401 мың – 2 млн теңгеге дейінгі тұрғындардың базалық қа­жеттіліктері біршама тұрақталғанымен, табысымен пропорционалды емес. Мұны сарапшылар Паркинсон заңымен түсін­дір­еді. Оған сәйкес, адам неғұрлым көп ақша тапса, соғұрлым көп ақша жұмсайды. Тек негізгі қажеттіліктерге ғана емес, сонымен қатар өмір сапасын жақ­сартатын дүниелер сатып ала бастайды. 

Талдаушылардың есептеулері бойынша, кіріс деңгейі 400 мың теңгеге дейін адам қаражатының негізгі бөлігін (45%-дан астам) супермаркеттерде саудалайды. Ал кірісі одан көп тұлғаларда керісінше, супермаркетке емес, тамақтану орындарына көп ақша жұмсайтыны анықталған. Ст­а­тистика бойынша, кафелер мен мей­рам­ханаларға келушілердің 24 пай­ызының кірісі 200 мыңға дейін, ал 51%, яғни  әрбір екінші адамның табысы 2 млн теңгеден асады.

Табысы 400 мың теңгеге дейінгі адам­дардың 35%-ы сұлулық салондарына, косметика дүкендеріне және массаж салондарына барады. Ал 701 мың теңгеден және одан жоғары табыс табатындар арас­ында келушілердің үлесі шамамен 60%-ды құ­райды.

Қазақстандағы мұндай экономикалық теңсіздік ел экономикасына айтарлықтай әсер ететіні анық. Өйткені мұның соңы әлеуметтік тұрақсыздыққа, тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, кедейлердің сапалы білім мен денсаулыққа қол жеткіз­беуіне әкелуі мүмкін. Ал өз кезегінде бұл ад­­а­ми капитал мен еңбек өнімділігінің деңгейін төмендетеі.

Кәмила ЕРКІН