Аталған дерек бойынша қылмыстық іс жүріп жатыр.
Атырауда үш жасар бала фонтан суына тұншығып, көз жұмды
1,129
оқылды

Атырау облысы Полиция  департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 шілде күні сағат 17:50 шамасында Атырау қаласындағы Әйтеке би көшесінде болған, -  деп жазады Aikyn.kz.

Фонтан ішіндегі циркулярлы насосқа үш жасар баланың аяғы тартылып, салдарынан сәби қаза тапқан.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда орталық саябақта ескерткіш құлап, мектеп жасындағы жасөспірім көз жұмған болатын.