Түркітанушы ғалым, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлы 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті
1,529
оқылды

Белгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы этнограф-журналист Бекен Қайратұлы жазды. 

«Қазақтың аймаңдай азаматы, жанкешті ғалым, ұлтының жоғын жоқтап, жыртығына жамау болған үлкен түрколог - ғалым Қаржаубай ағамыз бақиға аттанды. Алла алдынан жарылқасын! Туған-туыс, ағайын-жұртқа және жеңгеміз Жәлейге көңіл айтамын! Қобда бетінің қазақтары арысың аттанды, Алла панасына алғай!» - деп жазды Бекен Қайратұлы.

Қаржаубай Сартқожаұлы 1947 жылы 21 наурызда Моңғолияның Баян Өлгей өлкесінде дүниеге келген.

Тарих ғылымының кандидаты, профессор, 2010 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

"Қош бол, апа!", "Қыранның қазасы", "Сәйгүліктер" атты көркем прозалық кітаптардың, 250-ден астам ғылыми мақалалардың авторы. "Бір автобустағылар" (1986) атты кітабы моңғол тілінде жарық көрген. "Этнокультурный связь древно-тюркского-уйгурского каганата" (Алматы, 1988), "Объединенный каганат тюрков (Астана, 2001) атты ғылыми кітаптары жарыққа шыққан.  30-ға жуық ғылыми мақалалары орыс, француз, ағылшын, моңғол, қазақ, қытай тілдерінде ғылыми басылымдарда жарияланды.

Өзінің саналы ғұмырын түркология ғылымына арнап, байырғы түрік тілі, оның мәтіндерін аударып, тілдің тарихи толық түсініктемелерін жасады.

Режиссер Әсемғазы Капанұлының "Күлтегін" фильмі идеясының авторы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.