Полиция қызметкерлері ықтимал зақымдану аймағына қоршау жүргізді.
Шымкенттегі алапат өрттен неше адам зардап шеккені белгілі болды
2,764
оқылды

Шымкентте "Ордабасы" индустриялық аймағында алапат өрт кезінде күйік және улану белгілері бар 10 адам (1 күйік, 9 улану)  медициналық көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дәрігерлер тексеруінен кейін 2 адам ауруханаға жатқызылды. Қалған 8 адам жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне қайтарылды.  

Өрт орнынан СЭС қызметкерлері сынама алды, оның ресми қорытындысы күтілуде. 

Жақын маңдағы тұрғын үйлерден (барлығы 412 үй, 2472 адам тұрады) эвакуация пунктіне 443 адам эвакуацияланды, оның ішінде 233 бала. Сағат 23:20-да олардың барлығы үйлеріне және туыстарына кетті. 

Еске салсақ, біз бұған дейін Шымкенттегі индустриялық аумағында газ күкірті тұтанып, өрт шыққаны туралы жаздық. 28 шілде таңғы сағат 05:30-да өрт толығымен сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.