71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын.
«Қарсыласын тоқтата алмады...»: Мырзағали Айтжанов Асланбектің жеңілу себебін түсіндірді
Фото: ҰОК
6,719
оқылды

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов команда капитаны Асланбек Шымбергеновтің жеңілісіне  қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Қарсылас оңай емес. Оның алдында да бір-екі рет кездескен. Қарсыласын тоқтата алмады. Жеңісті 3:2 есебімен бізге де, қарсыласқа да беруге болады. Төрешілер ұпайдан қысты дей алмаймын. Жеңіске деген құштарлығы басым болғасын, иорданиялық спортшыға берді деп ойлаймын. Бұл  Олимпиада, сол үшін бәріне дайын болу керек",  деді Айтжанов.

71 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов алғашқы жекпе-жегінде иорданиялық Зеяд Ишаишке есе жіберген болатын. 

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.