Күн райының болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Ауа райы болжамы: Астанада тамыздың басы жаңбырлы болады
www.istockphoto.com
1,451
оқылды

Астанада бүгін де, ертең де күн ашық болады. Бүгін күндіз ауа температурасы 25°C-қа дейін көтеріліп, түнде 10°C-қа дейін түседі. Ал ертең ауа температурасының максималды көрсеткіші 27°C-қа дейін жетеді. 31 шілдеде күн ала бұлтты болғанымен, күн 30°C-қа дейін ысиды.

1 тамызда Астанада өткінші жаңбыр жауып, күннің ысығаны басылып, ауа температурасы 26°C түседі.

2 тамыз күні де өткінші жаңбыр жауып өтеді. Күннің ыстығы тағы 2-3°C-қа түседі. Яғни, күндіз 23 °C болса, түнде 16°C-қа дейін салқындайды.

3 тамызда өткінші жаңбыр жауады деп болжанды. Максималды ауа температурасы 24°C болса, минималды температура 15°C болмақ. 

4 тамызда болжам бойынша, өткінші жаңбыр жауады. Ауа температурасы 27°C-қа дейін көтеріліп, түнде 16°C-қа дейін түсуі ықтимал. Ауа ылғалдылығы 38 пайыз болып, желдің жылдамдығы 9,0 м/с-қа дейін жетеді.