Үш жасөспірім 5 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.
Қостанайда бес жасар қыз топтық зорлыққа ұшыраған
www.istockphoto.com
762
оқылды

Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына хабарлаған. 

Оның айтуынша, ол 6 шілде күні қызына велосипед алып берген. Оны аулада құрастырып жатқанда қызды көрші бала үйдің артына алып кеткен. Қызын таппай қалған әйел оны ұзақ уақыт бойы іздейді. Шамалы уақыттан соң, қызының кір, ұйпа-тұйпа күйде бір қап ойыншық ұстап келе жатқанын көреді. Қорқып кеткен анасы оған ұрысқан. 

"Көп ата-ана сондай кезде сөйтіп әрекет ететіні белгілі. Сондықтан психологиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты болу керек. Қыз тұйықталып, бірден болған оқиға туралы айтпаған, – деп жазды Дина Таңсәрі. 

Шындық 20 шілде күні белгілі болды.

-Қыз атасына басынан өткен жағдайды түгел айтып береді. Осыдан кейін полицияға арыз түсті. Белгілі болғандай, қызды алыс жерге апарып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қарсыласқан және айқайлаған балаға екі бала күш қолданып, таспен самайынан ұрған. Осылайша, қыз жантүршігерлік әрекеттердің құрбаны болды, - делінген хабарламада.

Полиция сараптама тағайындап, балалардан жауап алды. Олар өз кінәсін мойындады. Полиция қызметкерлері мемлекеттік заңгер мен мектептен психологті шақыртты. Жазба авторы жасөспірімдерге тәрбие бере алмаған ата-анасына айыппұл салып қана қоймай, сот алдында жауапқа тартылу керегін айтады. Сонымен қатар жәбірленуші қыз бен оның отбасына моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы төлеуін талап етті.