Зардап шеккендер бар.
Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй құлады
1,974
оқылды

 Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды.

Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Аikyn.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағынауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.

"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде", делінген хабарламада.

ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.

"Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе, электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер",  деді мамандар.