10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу сайысында отандасымыз Александра Ле 6-орынмен аяқтады.
Нысана көздеу: Александра Ле Париж Олимпиадасында алтылыққа енді
873
оқылды

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле жекелей сында Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден финалға шыққан болатын. 

Жарыс ережесі бойынша, төмен нәтиже көрсеткен спортшылар турнирден шыға бастайды. 

Александра үшінші мүмкіндіктен соң жарысты аяқтап,  жалпы есепте 6-орынға тұрақтады.