100 метрге шалқалап жүзуден сынға түскен ол жалпы есепте 26-орын алды.
Ксения Игнатова жүзуден Олимпиаданың іріктеу сынына өтпеді
660
оқылды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жүзу спортынан Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова Париж Олимпиадасында бақ сынап, іріктеуден өтпей қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 100 метрге шалқалай жүзуден сынға түскен болатын. Отандасымыз аталған қашықтықты 1 минут 2,51 секундта бағындырып, мәреге екінші жеткенімен, бұл нәтиже жартылай финалға шығуға жеткіліксіз болды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша, 1/2 финалға үздік нәтиже көрсеткен 16 спортшы өтті. Ал Игнатова 26-орынға табан тіреді. Енді Париж Олимпиадасында тағы бір қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин бақ сынайды. Ол 100 метрге еркін және баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түседі.

Айта кеткен жөн, Париж қаласында алауы тұтанған XXXIII жазғы Олимп ойындарында жалпы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.