Бұл атышулы істі Қостанай әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарады.
Бес жасар қызға жасалған зорлық: оқиғаға қатысты тың мәлімет айтылды
1,250
оқылды

Қостанай облысы бойынша балалар омбудсмені Несібелі Бәсенова бес жасар қызға жасалған зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желідегі парақшасында кәмелетке толмағандар тобының бес жасар қызға зорлық-зомбылық көрсету дерегіне қатысты қазір қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, ол жәбірленушінің анасымен кездесіп, істің мән-жайын біліп, әйелге дағдарыс орталығына тұруды ұсынған. Қыздың анасы бұған келіскен, бірақ содан бері телефонға жауап бермеген.

Бұл атышулы істі Қостанай әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарады. Күдіктілердің ата-аналарына қатысты материалдар жиналып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде,  деп толықтырды омбудсмен.

Ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар атсалысып, зардап шегушіге көмек көрсетуде деп сендірді. Несібелі Бәсенова бұл істің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен прокуратураның бақылауында екенін де жазды.

Айта кеткен жөн, бұған дейін екі-үш бала бес жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген еді.