Испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңілді.
«Барды салдым, көрдіңіздер...»: Қамшыбек Қоңқабаев Еуропа чемпионынан жеңілгеннен кейін пікір білдірді
Фото: ҰОК
4,906
оқылды

Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасында бірінші қарсыласына есе жібергеннен кейін пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Кімнің қолын көтерді, сол жеңімпаз болды. Қалай бар, солай қабылдаймыз. Барды салдым, көрдіңіздер. Осал қарсылас емес, Еуропа чемпионы. Енді қалған жігіттерге жанкүйер болыңыздар», – деді боксшы.

Айта кетейік, 92 келіден жоғары салмақта жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев Еуропа чемпионы (2023), биыл әлем чемпионатында қола жүлде алған  испаниялық Аюб Гадфа Дриссиден жеңілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.