Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің бірінде өрт шықты

Тұрғын үйдің он алтыншы қабатындағы пәтер өртенді.

Алматыда 19 қабатты тұрғын үйдің он алтыншы қабатындағы пәтер өртенді, – деп хабарлайды Төтенше жағдай министрлігі.

Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер үй заттары мен жиһаздардың жанғанын анықтаған. Өрт шарпыған аумақ – 4 шаршы метр. 

Өрт дер кезінде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.