Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматыда қарт ерлі-зайыптыны өлтіріп, үйімен бірге өртеп жіберген
www.istockphoto.com
758
оқылды

Алматыда жекеменшік үйдегі өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды.  Бұл туралы Алматы Полиция департаменті хабарлады.

Қайтыс болғандар егде жастағы ерлі-зайыпты екені белгілі болды. Мамандардың болжамынша, зейнеткер ер адам өртке дейін қаза тапқан. Ал әйелінің өлімінің себебі әлі жарияланған жоқ.

Қазір адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болжам бойынша, арадағы жанжал мен араздық қылмысқа себеп болған, – деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.