Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Құдайберген Берікұлы Арымбек Энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Құдайберген Арымбек ҚР Энергетика вице-министрі болып тағайындалды
1,864
оқылды

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі ресми мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ол 1987 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Маңғыстау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады. 

2012-2014 жылдары ҚР Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешені мемлекеттік инспекциялау комитетіндегі басқармада сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарды.

2014-2021 жылдары ҚР Энергетика министрлігінде бас сарапшы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары болды. 

2021 жылдан бастап осы уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінде департамент директоры қызметін атқарды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.