Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады.
Полицейлер лифтте қалып кеткен 2 жасар сәбиді құтқарып қалды
Фото: polisia.kz
949
оқылды

Атырауда полиция лифтте қалып қойған 2 жасар сәбиді құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "102" операторына көпқабатты үйдің жедел сатысында қалып қойған сәби туралы хабарлама келіп түскен. 

Жедел басқару орталығының қызметкерлері 8 қабатта тұрып қалған баланы құтқару үшін патрульдік экипажды бағыттады. 

Оқиға орнына жеткен Ақжол Кибатоллаев пен Жантөре Әліпкалиев лифт ішінде жылаған баланың дауысын естіп, есігін күшпен ашып, 2 жастағы баланы аман-есен алып шықты. Сәбидің анасы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.