Қазіргі ақпарат бойынша, Бибосынов пен Дусматов арасындағы ширек финалдық жекпе-жек тамызда өтеді.
Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов: Париж Олимпиадасындағы айрықша жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды
Фото: YouTube
20,025
оқылды

Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасының ширек финалында Өзбекстан боксшысы, басты қарсыласы Хасанбой Дусматовпен кездеседі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Дусматов 18 жастағы пуэрто-риколық Хуанма Лопес де Хесусты жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Қазіргі ақпарат бойынша, Бибосынов пен Дусматов арасындағы ширек финалдық жекпе-жек 2 тамыз күні сағат 21:20-да өтеді. 

Бибосынов пен Дусматовтың осыған дейінгі кездесуіне келсек, есеп 1:2. Сәкен 2021 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетсе, Думатов 2023 жылғы Азия чемпионаты мен 2022 жылғы Азия ойындарының финалында жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram    арнасынан таба аласыз.