Белгілі актриса Айгүл Иманбаева қоғамдағы жалғызбасты әйелдердің мәселесін қозғап, көптің қызу талқысына түсті.
Еркектің күшіндей... Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелге не керек екенін айтты
7,344
оқылды

Ол өткен өмірін еске алып, аяққа тік тұру үшін аянбай еңбек еткенін атап өтті,  — деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей — күш, еркектің энергиясындай — энергия, кейде еркектің психологиясы да қажет болады. Әрине, еркек бола алмайсың бірақ балаңды жеткізу үшін, қоғамда өзіңнің орныңды алу үшін, қажымайтын қайрат, күш, білім керек болады және өзіңді сыйлата білу үшін мінез керек болады.

Былай айтқанда, әйелдік нәзік энергияңды еркектік энергияға айырбастауға тура келеді.

Сіздер осыған келісесіздер ме?», — деп жазды актриса.