1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін қатты ыстық болады.
41 градус ыстық болады: 30 шілде – 1 тамыз аралығындағы ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,468
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 30 шілде – 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Синоптиктердің болжамы бойынша, Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. 

Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында нөсер жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады.

1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін қатты ыстық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.