Оралда әкімдіктегі қызметкері әйеліне қызметтік пәтерді сыйға тартқан. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.
Оралдық шенеунік қызметтік пәтерді әйеліне сыйлаған
www.istockphoto.com
1,754
оқылды

Олардың мәліметінше, Орал қаласы әкімі аппаратының бірыңғай мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқаратын Мыңжасаров А-ның қызметтік жағдайын пайдаланып, пәтерді өзімен некеге тұрған А.Қарасаеваға бергенін көрсететін фактілер анықталды. 

Әкімдік заң бұзушылықты 28 маусымда анықтаған. Тексеру қорытындысы лауазымды тұлғаның әрекетіне тиісті құқықтық баға беру үшін Орал қаласының прокуратурасына жолданды.

"Осындай фактілерді анықтау және алдын алу үшін Орал қаласы әкімдігінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру заңдылығын тексеру үшін жұмыс тобы құрылды", – делінген хабарламада.

Заңға сәйкес, мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға қызметтік міндеттерді орындауға тыйым салынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.