Ата-анасы баласын алып, серуенге шыққан.
"Жерде жатқан сымды ұстаған": Алматы облысында бір жарым жасар баланы ток соғып, мерт болды
www.istockphoto.com
982
оқылды

Оқиға Алматы облысы Шырғанақ ауылында болған. Бір жарым жасар сәбиін алып, ата-анасы серуенге шыққан. Қыдырып жүргенде нәресте жерде жатқан сымды көріп, қолын созған. Баланы ток соғып, сол жерде қаза тапты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Полицейлер "Еуразия" бірінші арнасына ауылда жұмысшылар жұмыс істеп жатқанын, олар үзілген сымды сол жерде қалдырғанын айтты.

Тергеу "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.

317-баптың 3 бөлігінде абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер болса, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп ҚР Қылмыстық Кодексiнде көрсетілген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.