Бұл туралы Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырауда 3 жыл бұрын басталған тұрғын үйдің құрылысы әлі бітпей тұр
1,577
оқылды

Атырау облысының Мақат ауданында үш жыл бұрын басталған тұрғын үйдің құрылысы бітпей тұр. Оған 865 млн теңге бөлінген. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құрылысы ұзаққа созылған нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Жемқорлыққа қарсы волонтерлер мен «Әділдік жолы» РҚБ Атырау облыстық филиалының өкілдері Мақат ауданындағы 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады. Мәселен, нысанның қажетті қоршауы жоқ. Қазір жұмысшы персонал да жоқ. Темірбетон төсемдерінде жарықшақ пайда болған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Осыған байланысты волонтерлер нысанды мерзімінде пайдалануға тапсыру жөнінде ұсыныс берді. Бақылау жүргізбеген тапсырыс берушіні жауапкершілікке тартуға бастамашылық жасады.

«Мақат кентіндегі 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы басталған. Алайда, 2023 жылдың басында тоқтап тоқтап қалған. Себебі – нысан құрылысын жүргізетін мердігерлікке таңдалған «Дан Строй База ЛТД» ЖШС-да қаржылық қиындық туындаған. Аталған құрылыс нысанының жалпы құны 865 млн теңгені құрайды. Осы кезге дейін қаржының 60%-ы игерілген. Тапсырыс беруші сотқа талап арызбен жүгінді. Сотта мердігерден 50 млн теңге көлемінде айыппұл өндіріп алу туралы талап қанағаттандырылды», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір мердігер нысан құрылысын өз қаражаты есебінен жүргізуді бастаған. Тұрғын үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.