Сәтпаев 588 ұпаймен 18-орын алса, Малиновский 586 ұпаймен жарысты 25-орынмен аяқтады.
Нысана көздеу: Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский іріктеуден өте алмады
700
оқылды

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшелері Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский іріктеуден өткен жоқ, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшылар кіші калибрлі винтовкамен үш позицияда нысана көздеуден (50 метр) іріктеуге қатысқан еді.

Сәтпаев 588 ұпаймен 18-орын алса, Малиновский 586 ұпаймен жарысты 25-орынмен аяқтады. 

Финалға іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы сегіз спортшы жолдама алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.