Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді.
Махмұд Сабырхан Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды
2,299
оқылды

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық боксшы Олимпиаданың бірінші айналымында испаниялық Хосе Кильеске есе жіберді. 

Испандық атлет бірінші раундта 4:1, екінші раундта 5:0, ал үшінші раундта 3:2 есебімен басымдық танытты.  Қорытынды есеп - 4:1. 

Бұл Париж ойындарын аяқтаған ұлттық құраманың үшінші боксшысы. Бұған дейін Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарыспен қоштасқан еді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.