Атақты термеші, жыршы Айгүл Елшібаева ажырасып жатқан жас отбасыларға кеңесін айтты.
Нәпсінің құмарлығына салынған адамның отбасында береке болмайды – Айгүл Елшібаева
instagram.com/aigulyelshibayeva01
1,098
оқылды

Өнер иесі тағдыр да тәрбиеге байланысты екенін ескертіп, адамның ортасына көп дүниенің әсер ететінін жеткізді, – деп жазады Aikyn.kz.

“Тоқсан түрлі тағдыр бар өмірде. Біреудің тағдырына бола барлық еркек атаулыдан бездіру насихатын жүргізіп, еркек атаулыны жерге тығудың қажеті жоқ. Алла тағала әр жаратылысты жұп қылып жаратқасын, еркекке әйелді жұп қылып жаратты. Ал қызтеке мен лесбианкаң – нәпсінің жетегіне кетіп, өз жаратылысынан безген науқас адамдар. Оларды қорғап, қолдау, есі дұрыс адамның іс-әрекеті емес. Отбасындағы дүрбелең екі елі ауызға төрт елі қақпақ болмағаннан, екі еліңе ие болмағаннан шығады деп үлкендер айтқандай, даудың басы осы екі нәрседен шығып тұр”, – деп бастады әңгімесін әнші. 

Сондай-ақ өнер иесі нәпсінің жетегінде жүру де өмірге қауіпті екенін еске салды. 

“Тақуалықтың өзі нәпсімен күрес болса, нәпсінің құмарлығына салынған адамның отбасында береке болмайды. Нәпсіқұмарлықтан отбасы бұзылады. Иманды адам да осы екі нәрсесіне ие болғанда бәледен құтылады.

Тәрбие мен өскен ортаң нашар болса, болашаққа балта шабылу, адасу да осы жерден басталады. Басыңда ақылың болмаса, тәрбиесі жақсы адаммен дос бол, жақсы ортаны таңда. Адамның өсу мен өшуі де ортасына байланысты. “Қартайғанда қасыңда қарайып жүре берсін, неғыласың, үйіңе кіріп-шығып жүретін біреу болсын” деп үлкендердің сөзін тыңдап, жеккөрініш сезімін тыйып тастаған ерлі-зайыптыларда ажырасулар болмайды, қартайғанда жалғызсырамай, қосағымен қоса ағарады”, – деп түйіндеді термеші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.