Боксшының сөзінше, Олимпиадаға барған жігіттердің бірінші жекпе-жектен өте алмауы ұят.
«Жігіттердің физикасы өте нашар, бас бапкерге сөзім жоқ»: Олимпиада чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев ұлттық құраманы сынады
6,306
оқылды

Ол бұл туралы ойын әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалысы қиындап, әрең жүр рингте. Соққысы аз. "Комбинация ударов" тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Ғылыми ұжым қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші жекпе-жектен өте алмады деген не сұмдық???

Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше жекпе-жек өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 жекпе-жек өткіздім.

Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті, – деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.